Путин 4 облысты Ресейге қосу туралы заңға қол қойды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Путин 4 облысты Ресейге қосу туралы заңға қол қойды

05.10.2022

Кремль басшысы Владимир Путин Украинаның ішінара оккупацияланған 4 облысын Ресейге қосу туралы заңға қол қойды. Осылайша Мәскеу көрші елдің жауланған территориияларын аннексиялау процесін ресми түрде аяқтап отыр. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, Путин мұндай қадамға Ресей армиясы Украина әскерінің қарымта шабуылын тоқтата алмай жатқанда барды.

Украинаның Херсон, Запорожье, Луганск, Донецк аймақтарын Ресейге қосу жайлы құжатты бұған дейін Федерация кеңесі, Мемлекеттік дума және Конституциялық сот мақұлдаған.

Алайда, Батыс елдері украиналық облыстардың Ресей құрамына өткенін ешқашан мойындамайтынын мәлімдеді. Киев болса, басып алынған жерлерді қайтару әрекетін тоқтатпайтынын ескертіп отыр.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу