Президент сайлау туралы заңға қол қойды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент сайлау туралы заңға қол қойды

25.05.2021

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Сайлау туралы» заңға қол қойды. Құжатқа сәйкес, аудандық деңгейдегі қалалардың, ауылдардың, кенттердің және ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлау енгізіледі. Яғни, оларды халық сайлайды. Сонымен қатар, саяси партиялардың Парламент пен мәслихатқа өтуіне қойылған 7 пайыздық шек 5 пайызға дейін төмендетілді. Тағы бір жаңашылдық, енді сайлау бюллетеніне «Барлығына қарсымын» деген баған енгізіледі.

Индира Рыстина, ҚР Президенті жанындағы Қазақстан Стратегиялық зерттеулер институтының бөлім басшысы:
Бұл өзгерістер еліміздің саяси өміріне, жалпы халықтың сачи белсенділігіне, елімізде жасалып жатқан саяси реформалардың тағы бір үлкен қадамы болып келеді. Ауыл әкімдерінің сайланбалылығы – Қазақстандағы алғашқы қадам. Орталық Азия мемлекеттерінде мұндай ерекшелік жоқ.

Елімізде несие тарихын сақтау мерзімі 10 жылдан 5 жылға қысқарды. Президент банктік, микроқаржылық және коллекторлық қызметті реттеу туралы заңға қол қойды. Құжатқа сәйкес, коллектор борышкермен сөйлесу кезінде аудио, бейне жазба жазуға міндеттеледі. Бұл агенттік тарапынан дөрекілік пен заң бұзушылықты болдырмауға ықпал етпек. Сондай-ақ, коллекторлық қызметте тіркелмеген телефон арқылы борышкермен сөйлесуге тыйым салынады. 

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу