Мәжіліс Каспий теңізіндегі шекараларды бекітетін алғашқы заң жобасын мақұлдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжіліс Каспий теңізіндегі шекараларды бекітетін алғашқы заң жобасын мақұлдады

05.10.2022

Мәжіліс Каспий теңізіндегі шекараларды бекітетін алғашқы заң жобасын мақұлдады. Төменгі палата Қазақстан мен Түрікменстан арасында теңіздегі мемлекеттік шекараны белгілеу және балық аулау аймақтарының учаскелерін бөлу туралы шартты ратификациялау жөніндегі заң жобасын қарады. Құжатқа 2021 жылғы 25 қазанда Ашхабадта қол қойылған. Шарт Каспий теңізі жағалауындағы елдер арасындағы мемлекеттік шекараны заңды түрде бекітетін тарихтағы алғашқы құжат. Түрікменстан жағы аталған шартты биыл 17 сәуірде ратификациялаған.

Дарын Сағитов


Хабарламаларға жазылу