Жамбыл облысында темір жол бойында оқу-жаттығу өтті
Жамбыл облысында осы темір жол бойында болатын оқыс жағдай бойынша «Эшелон-2022» оқу-жаттығу өтті. Сценарий бойынша, әскери эшелонға диверсия жасалып, соның кесірінен теміржол рельсы қирап, әскери техника отқа оранады. Өртті өшіруге Қазақстан Әскери-әуе күштерінің армиялық авиациясы, Қарулы күштер мен Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері, сондай-ақ «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының өрт сөндіру пойызы жұмылдырылды. Барлық шаралар ойдағыдай орындалып, эшелон шартты түрде белгіленген пунктке қарай қозғалысын жалғастырды.
Ертай Райымбеков, Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті қызметкері:
Қазіргі таңда «Эшелон-2022» арнайы оқу-жаттығуы аясында «Қазақстан темір жолы» қызметкерлері және Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар қызметкерлерімен және осы Қорғаныс министрлігі әскери бөлімдерінің арасындағы өзара әрекеттестікті пысықтап, осы эшелондағы орын алған шартты өртті сөндіру бойынша іс әрекеттер атқарылды. Мақсаты – осындай төтенше жағдайлар болған жағдайда алдын алу және салдарын жою болып табылады.
Серік Селеубай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өзбекстанда қандастарымыз өз тілінде білім алады
18.09.2025, 10:11

Білім саласын цифрландыру - басым бағыттың бірі
18.09.2025, 10:10
Мамандар мемлекеттік қызметке онлайн түрде ғана қабылданады
18.09.2025, 10:09
Жер қойнауының жаңа картасы: Алғашқы лекте 100 мың шаршы шақырым аумақ қамтылмақ
18.09.2025, 10:08
Атырауда ірі газ-химия кешенінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр
18.09.2025, 10:06
Дін көшбасшылары: Дін - адамзатты біріктіретін құрал
18.09.2025, 10:05
Халық пікірі: Киберқылмыс тұрғындардың цифрлық қауіпсіздігіне нұқсан келтіреді
18.09.2025, 10:03
Жол апаты: Қостанайда жыл басынан бері 50 адам көз жұмды
18.09.2025, 10:01