Қостанайдағы қару-жарақ дүкенінің жарылу себебі анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайдағы қару-жарақ дүкенінің жарылу себебі анықталды

04.10.2022

Қостанайдағы қару-жарақ дүкенінде болған өрт оқ-дәрінің тұтануынан басталған болуы мүмкін. Өткен айдың басында болған оқыс жайтке қатысты Бас прокуратура осылай деп мәлімдеді.

Дәуренбек Әбдібек, тілші:

Тергеу деректеріне сүйенсек дүкеннің жертөлесінде 40 келідей «Сокол» оқ дәрісі сақталған. Оқыс оқиға болардың алдында ғана бұл оқ дәрілерді дүкен иесі Қарағандыдан сатып әкеліпті. Кейін бөлшектеп орап, саудаға шығаруды жоспарлаған. Алайда жоспары жүзеге аспады. Прокуратура берген мәліметте оқ дәрінің нақты неден тұтанғаны жайлы ақпар жоқ. Бірақ сол күні ауа температурасы +36 градусқа дейін көтерілгені айтылады. Сонымен қатар тасымалдау ережелері бұзылған делінген. Еске салайық, 3 қыркүйекте Қостанайдағы қару-жарақ дүкендерінің бірі өртенген еді. Іле-шала жойқын жарылыс болып, от көршілес нысандар мен тұрғын үйлерді шарпыды. Тілсіз жаудан 11 адам зардап шегіп, оның төртеуі қайтыс болған еді.

Дәуренбек Әбдібек


Хабарламаларға жазылу