Алматыдағы Төлеби мен Мұратбаев көшелерінің қиылысынан күзетші жарылғыш зат тауып алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдағы Төлеби мен Мұратбаев көшелерінің қиылысынан күзетші жарылғыш зат тауып алды

27.04.2022

Алматыдағы Төлеби мен Мұратбаев көшелерінің қиылысынан күзетші жарылғыш зат тауып алды. Жедел жеткен саперлар жарықшақ гранатаның адам өміріне қауіпсіз екенін анықтаған. Ал,Жамбыл облысы аумағынан бір апта көлемінде көптеген қару тәркіленді. Атап айтқанда 16 тапанша, 521 оқ дәрі, “калашников” автоматы, оқ және газ өткізбейтін сауыттармен жарылғыш заттар анықталды. Табылған қару-жарақ полиция қызметкерлеріне тиесілі екені дәлелденді. Олар қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған болуы мүмкін деген болжам бар. Аталған іс бойынша қылмыстық іс қозғалып, табылған қару экспертизаға жіберілді. 

Хабарламаларға жазылу