Түркияда IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындары басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындары басталды

30.09.2022

 Төртінші дүниежүзілік көшпенділер ойынына біздің елден 50 спортшық қатысады. Олар көкпар, қазақ күресі, садақ ату сияқты спорт түрлерінен сайысқа түседі. Екі жылда бір рет өтетін ұлттық спорт бәсекесіне 100-ден аса елден 3500 спортшы қатысып жатыр. Олар спорттың 23 түрінен медельдарды сарапқа салады. 2014 жылдан бері көшпенділер ойыны тек Қырғыз елінде өтіп келген. Биыл тұңғыш рет Түркияда ұйымдастырылды. Сайыс 4 күнге созылады.

Серік Жарасбаев, ҚР Мәдениет және спорт министрінің орынбасары:

Әрине бұл ойындар ұлттық спорт түрлерін дамытуға арналған. Өзіміз де ең басынан бастап көршілес Қырғыз елімен бірлесіп 3 рет ойынға қатысып жеңімпаз орындарға ие болғанбыз. Әрине ол өте қызығушылық білдіреді, ұлттық спорт түрлерін дамытуға үлесін қосады деп айтуға болады. Келесі ойындарды 2024 жылы Қазақстанда алуға тырысып жатырмыз, қазір келіссөздер өтіп жатыр. Енді аламыз деп сенімдеміз.

Хакан Казанжы, Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының вице-президенті:

Осы ерекше шараны өткізуге бірнеше ай дайындалдық. Біз шынын айтқанда халық мұншалықты қызығушылық танытады деп ойламадық. Өздеріңіз көргендей халықтың ықыласы ерекше. Енді келесі жылы Қазақстанда өтеді, одан кейін бүкіл әлемде олимпиада ойындары сияқты танымал спорт сайысы болады деп сенеміз.

Айдос Әшім


Хабарламаларға жазылу