Мәжіліс төрағасы Мемлекет басшысына заң шығару қызметі туралы ақпарат берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжіліс төрағасы Мемлекет басшысына заң шығару қызметі туралы ақпарат берді

03.10.2022

Мәжіліс төрағасы Мемлекет басшысына заң шығару қызметі туралы ақпарат берді. Атап айтқанда, «Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы», «Конституциялық сот туралы», «Прокуратура туралы» заң жобалары Сенатқа жолданды. Палата мақұлдаған заң жобалары референдумда халық дауыс берген конституциялық реформалардың негізгі ережелерін жүзеге асыруға бағытталған. Сондай-ақ, Ерлан Қошанов Түркияда өткен IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылуына ел делегациясының қатысқанын айтып, Түркі қоғамдастығы келесі іс-шараны 2024 жылы Қазақстанда өткізуді қолдағанын жеткізді. 

Хабарламаларға жазылу