Елімізде ерлі-зайыптылардың зейнетақы аннуитеті енгізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде ерлі-зайыптылардың зейнетақы аннуитеті енгізілді

29.09.2022

Елімізде зейнетақы аннуитеті бойынша құрметті демалысқа шығу жеңілдей түсті. Өйткені бұдан былай ерлі-зайыптылар мен жақын туыстар зейнетақы жинағын біріктіре алады. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Мәрия Хаджиеваның айтуынша, қазір ресми зейнетке шығу жасын күтпей-ақ, аннуитет бойынша ерлер 55 әйелдер 52 жасында зейнеткер атана алады. Бірақ ол үшін шотта жеткілікті қаржы болуы керек. Енді жаңа норма бойынша ерлі-зайыптылар мен туған-туыстар жетпей тұрған қаржысын артылып жатса бір-бірінің шотынан алып, аннуитет бойынша құрметті демалысқа ертерек шыға береді.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу