Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек бүгін жасырын түрде Семейдегі студенттердің жатақханаларын аралады. Алдымен Шәкәрім университетіндегі нысандарға бас сұғып, ондағы жағдайды көзімен көрді. Студенттермен, жатақхана вахтерларымен тілдесті. Аталған оқу орнында 1120 орындық 4 жатақхана бар. Бүгінде онда 791 студент орналасқан. Яғни бос орындар бар.
Одан кейін министр Әлихан Бөкейхан университетіндегі нысандарды аралады. Онда 400 студент жатақханаға орналасқан. Тағы 400 орындық екінші ғимарат қазан айының соңында пайдалануға берілмек. Жалпы еліміз бойынша 104 жоғары оқу орнына тиесілі 309 жатақханада 101 мыңнан астам студент тұрады. Биыл тағы 5 мың орынға арналған 17 жатақхана пайдалануға берілмек. Айта кету керек, министр Алматыдағы 1 курс студенттері жатақханамен толық қамтылғанын айтты.
Асылбек Данияр