Қазақстан 2027 жылы хоккейден Әлем чемпионатын өткізуге өтініш берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан 2027 жылы хоккейден Әлем чемпионатын өткізуге өтініш берді

24.09.2022

Қазақстан 2027 жылы хоккейден Әлем чемпионатын өткізуге өтініш берді. Бұл туралы Халықаралық хоккей федерациясы хабарлады.

Қазақ елінен бөлек дүбірлі доданы өткізуге Германия мен Норвегия өтініш берген. Қазақстан құжатта Әлем чемпионатын өткізу үшін елордадағы 11 400 орындық «Барыс Астана» және Алматыдағы 12 500 орындық «Алматы Арена» нысандарын көрсеткен. Әлемдік жарыс өтетін мемлекет келер жылы мамырда Финляндияның Тампере қаласында белгілі болады.  

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу