Түркістан облысында май құю бекеттері дизель отынын екі түрлі бағада сатып жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында май құю бекеттері дизель отынын екі түрлі бағада сатып жүр

22.09.2022

Түркістан облысы мен Шымкент қаласында жанар-жағармай бөлу және тарату ісінде сыбайластық жайлап барады. Май құю бекеттері дизель отынының екі түрлі бағада сатылуынан пайда тауып жүр. Оны қадағалайтын ешкім жоқ. Осылай деген кәсіпкерлер сұйық отынды бөлшек саудаға жіберу ісінде ашықтық болғанын қалайды. Аймақта жағармайдың 70-80 пайызы ірі көтерме сауда иелеріне беріледі. Ал шағын-орта кәсіпкерлікпен айналысатындар 300-400 тоннамен шектеліп, салдарынан кей бекеттер жабылып қалудың аз ақ алдында тұр. Сондықтан жанар-жағармай тасымалымен айналысатын кәсіпкерлер мұнай өнімдерін көтерме бағамен алатын делдалдарға емес, тікелей бекеттерге жеткізген тиімді, - дейді. Бұл көлеңкелі бизнеске тосқауыл болмақ.

Қайыпбек Қамбаров, «Жанар-жағармай қауымдастығының» төрағасы:

Қазір бекеттерде жемқорлық басталды. Үстінен ақша қосып сатады. Мұны қадағалау керек, механизм керек бұған.


Хабарламаларға жазылу