Ғабит Мүсірепов атындағы театр жөндеуді қажет етеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғабит Мүсірепов атындағы театр жөндеуді қажет етеді

25.11.2014
Ғабит Мүсірепов атындағы театр жөндеуді қажет етеді

Сыртқы әйнектері шытынап, ішкі технологиясы әбден көмескі тартқан.

Құбырларының тозығы жеткен, жұмысшылар бір жерін жамаса, екінші жерінен су ағып, ығыр қылады.

2007 жылы сараптама жасалып, 2 миллион 750 мың теңгеге құбыр ауыстыруға шешім қабылданған.

Алайда, мемлекет тарапынан қаржы бөлінген жоқ.

Театр жұмысшалыры «Егер төтенше жағдай бола қалса, өнер ордасы күлге айналады», деп алаңдайды.

 

Сәкен СЕЙІТХАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу