Сарапшылар: Жұмыс форматын өзгерту тиімді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарапшылар: Жұмыс форматын өзгерту тиімді

21.09.2022

Жұмысшының кеңседе қанша сағат болғаны емес, қандай нәтиже көрсеткені маңызды. Сондықтан қазақстандық кей компания өкілдері гибридті форматтағы жұмыс кестесін ұсынып отыр. Бүгін елордада«Human Capital Days» форумында халықаралық компаниялар мен отандық бизнес өкілдері бас қосты. Олар еңбек нарығын реттеуге қатысты пікірін білдірді. Қатысушылар жұмыс форматын өзгертудің анағұрлым тиімді екенін айтады. Мәселен, гибридті формат дегеніміз – қызметкерге еркіндік беру, жұмысқа келу, кету режиміне шектеу қоймау, бірақ нәтиженің болуы. Жиында мамандар жұмыс берушілерге қандай талап қою керек, қазақстандықтарға қандай құзырет жетіспейді деген мәселелерді талқылады. 60-тан астам компания өкілі бас қосқан форум ертең де жалғасады.

Хан Николай, «ЕҮ» компаниясының менеджері:

Пандемиядан кейін еңбек нарығы күрт өзгерді. Адамдардың таным-түсінігі басқаша. Гибриді формат – бұл заман талабы дер едім. Жұмыс беруші нәтиже көру үшін жұмысшыға еркіндік беріп, ыңғайына қарау керек. Егер маман кәсіби, білікті білімді болса неге еркін форматтағы жұмыс кестесін ұсынбасқа?! Кеңсе де болсын, сыртта болсын бастысы нәтиже көрсетсе болғаны. Біз өз компаниямызға осы тәжірибені енгіздік.


Хабарламаларға жазылу