Қазақстан Азаматтық Альянсы президент лауазымына Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан Азаматтық Альянсы президент лауазымына Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды

05.10.2022

Қазақстан Азаматтық Альянсы Президент лауазымына Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды. Онлайн форматта өткен конференцияға еліміздің жиырма өңірінің азаматтық альянсының көшбасшылары қатысты. Олар елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өмірінің барлық салаларында елеулі өзгерістер болып жатқанын айтады. Әрі ел Президенті ұсынған барлық бастамалар мен реформалар қалың бұқараның мүдделерінен туған дейді. Бұл өзгерістер уақыт талабына да сай келеді деген альянс мүшелері бірауыздан Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кандидатурасын ұсынуды қолдайтынын мәлімдеді.

Бану Нұрғазиева, Қазақстан Азаматтық Альянсының басшысы:

Президент алғашқы күндерінен бастап сындарлы диалогқа, билік пен халық арасында тиімді кері байланыс орнатуға бағытталған «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ұсына отырып, мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылының жаңа форматын белгіледі. Халық өзгерістерге және ел Президентіне сенімін білдіреді деп ойлаймын.

Сәбит Әлдебай


Хабарламаларға жазылу