Президент экономикадағы маңызды мәселелерді көтерді – сарапшы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент экономикадағы маңызды мәселелерді көтерді – сарапшы

07.02.2024

Президент экономикадағы маңызды мәселелерді көтерді. Сарапшыларда осындай пікір білдірді. Олар, әсіресе, елге инвестиция тарту, салық саясатын реформалау, бизнесті қолдау және зейнетақы активтерін тиімді пайдалану сынды Мемлекет басшысының ұстанымдарын қолдайды.

Ернар СЕРІК, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Сауда саясаты орталығының директоры:

Өз сөзінде 38 рет инвестиция сөзін қайталайды президентіміз. Ол дегеніміз – инвестияциялау қазір еліміздегі ең маңызды проблемалар бірі болып табылады. Инвестиция тарту, инвестициялық климатты өзгерту, инвестициялық политиканы өзгерту. Инфраструктуралық проблемалар. Жаңадан қосылып жатқан инвестициялық проектердің көлемі бойынша білуге болады. Себебі, қазір шетелден келіп жатқан инвестицияның көбісі ол леинвестиция болып табылады. Ол дегеніміз – бұрын салынған, баяғыдан бері істеп жатқан инвесторлардың экономикаға салып жатқан ақшасы болып саналады.


Хабарламаларға жазылу