Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны күрт көбейді
Бір тәулікте 60 мыңға жуық адамнан індет анықталған.
Индира Бегайдар, тілші:
Ресейде қоғамдық орындарда маска тағу міндеттелген, кей мекемелер қашықтан жұмыс істеп жатыр. Осыған дейін Мәскеу мен Санкт-Петербург қалалары індет жұқтырғандар бойынша көш басында болса, қазір 50-ден астам өңірде эпидахуал күрделі. Науқастардың 90 пайызында омикронның жаңа штамы анықталған.
Владимир Евсеев, сарапшы:
Вакцинациялау қарқынын жеделдетуіміз керек. Өкінішке орай, бұл науқан өте баяу жүруде. Еліміз бірнеше вакцина шығарды. Соны пайдаланып, ақпараттандыруды дұрыс жүргізу қажет.
«Тамыз айының алғашқы күндері басталған коронавирустың жаңа толқыны аяқталуға жақын»,- дейді дәрігерлер. Дегенмен қазір вирус жұқтырғандарға арналған емханаларда орын жоқ. Санкцияға байланысты Ресейде дәрі-дәрмек тапшылығы да анық сезіледі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ШҚО-да көпірлердің техникалық жағдайы тексеріліп жатыр
17.09.2025, 20:42

Алматыда қала көшелері су астында қалды
17.09.2025, 20:19
Интернет алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды
17.09.2025, 20:19
Елімізде архив қызметкерлерінің жалақысы өседі
17.09.2025, 20:15
Болашақтың айқын бағдары
17.09.2025, 20:08
Интернетте экстремистік идеялардың таралуына қарсы тұру маңызды
17.09.2025, 20:07
Astana Motors: көлік бағасы арзандады
17.09.2025, 20:06
Астана - әлемдік дін көшбасшыларын біріктіретін алаң
17.09.2025, 20:03