Қырғызстанда ұлттық аза тұту күні жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қырғызстанда ұлттық аза тұту күні жарияланды

19.09.2022

Бүгін - Қырғызстанда қаралы күн. Ел Тәжікстанмен арадағы шекарада болған қарулы қақтығыстан қаза тапқандарды аза тұтып жатыр. Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, атыстан көз жұмғандардың саны 59-ға жеткен. 144 адам зардап шекті. 140 мыңдай тұрғын эвакуациялануға мәжбүр болған. Ал Тәжікстанның сыртқы істер министрлігі болса, өз жағынан 38 адам қаза тапқанын мәлімдеді. Қырғыз-тәжік шекарасындағы қарулы қақтығыс қыркүйектің 14-де басталды. Екі тарап шабуылға бірін-бірі айыптады. Кейін қос мемлекеттің басшылары атысты тоқтату, шекарадан қосымша күштерді әкету туралы келісімге келді. Қазіргі уақытта Қырғызстан мен Тәжікстан әскерилері осы келісімді сақтап отыр.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу