Украина Изюм қаласындағы мәйіттерді қайта қазып алып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украина Изюм қаласындағы мәйіттерді қайта қазып алып жатыр

17.09.2022

Украина мамандары Ресей армиясынан азат етілген Изюм қаласының маңындағы орманнан мәйіттерді қайта қазып алып жатыр. Сондағы мақсат – Ресей жауынгерлерінің әскери қылмысын әшкерелеу.

Эксгумацияға қатыстан тергеушілердің сөзінше, адамдардың кейбірі әдейі өлтірілген, ендігі бірі қатты азапталған немесе зымырандық шабуылдан жан тәсілім еткен.

Жалпы, 445 тұрғынның моласы табылды. Олардың кейбіріне бірнеше адам көмілген.

Айта кетсек, Ресей қарулы күштері Изюмді сәуірдің басында басып алды. Ал Украина сарбаздары бұл қаланы жақында азат етті.


Хабарламаларға жазылу