Сондай-ақ қосымша ақы сұраған. Бәсекелестікті қорғау қызметіне жол құрылысымен айналысатын кәсіпорыннан шағым түсті. Онда бір серіктестіктің жанармай құнымен бірге оны құю қызметі үшін де есепшот жібергені айтылған. Ал тағы бірі кәсіп иесі көлік шығыны үшін қосымша ақы сұраған. Екі бекет иесіне де ескерту берілді. Егер елемесе, оларға 4,5 млн-нан астам теңге айыппұл салынады.
Салауат Вахитов, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі облыстық департаментінің басшысы:
Бұл бұзушылықты жою үшін нарық субъектісі әрекеттерінде бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу белгілерінің бар екендігі туралы хабарлама шығардық. Ол екі субъектіге жеткізілді. Заңмен көрсетілген мерзімде орындау керек. Орындамаса, тергеп-тексеруге негіз болады.