Ақтөбе әуежайы алдағы жылдары трансмұхиттық лайнерлерді қабылдай бастайды. 2026 жылдан бастап жүк және жолаушылар тасымалы еселеп артады. Ол үшін халықаралық стандартқа сай жанармай құю бекеті салынады.
Жаңа кешен әуежай аумағынан бой көтереді. Бүгін оның іргетасына капсула салынды. Қазірдің өзінде мұнда жанармай бекетінен ұшақтарға сұйық отын тасымалдайтын арнайы көліктер әкелінген. Бұл елімізде жүзеге асырылып жатқан пилоттық жоба. Құрылыстың бірінші кезеңінде 600 текше метр сұйық отын сыятын жылжымалы отын құю кешені салынуы тиіс. Одан кейін 20 мың текшеметрлік резервуар паркі, диспечерлік орталық және басқа да қажетті нысандар бой көтереді. Облыс әкімдігі мен «Қазмұнайгаз-Аэро» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшылығы арнайы келісімге қол қойды. Жауаптылардың айтуынша, бұл жоба өңір дамуына оң әсер етеді.
Ғалымжан Елеуов, облыс әкімінің орынбасары:
Еуропадан авиакомпаниялар, Америкадан тихоокеан өңірлерінен келуге мүмкіншілік береді. Неге десеңіз, осы жобада Джат А-1 деген майлар болады. Үлкен-үлкен аэроперевозкаларды, келетін лайнарлерді қамтамасыз етеді.
Жақсыбек Кемал