«Құрық» теңіз портында 187 млн теңгеден асатын контрабандалық жүк тәркіленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Құрық» теңіз портында 187 млн теңгеден асатын контрабандалық жүк тәркіленді

29.04.2021

«Құрық» теңіз портында құны 187 млн теңгеден асатын контрабандалық жүк тәркіленді. Бұдан бюджетке 80 млн теңгеден аса кедендік салық төленуі тиіс еді. Кірістер комитетінің мәліметінше, тауарды түрік өндірушілері Өзбекстан мен Қырғызстан азаматтарының атына жіберген. Тасымалданып бара жатқан жүктен бөлек, ішінде халық тұтынатын өзге де тауарды алып өтпен болған. Кемітіп көрсеткен тауарды қосқанда жалпы жүк салмағы – 34 тоннадан асады.

Ақерке Бектас


Хабарламаларға жазылу