Малайзияда құны миллион доллар болатын піл сүйегі тәркіленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Малайзияда құны миллион доллар болатын піл сүйегі тәркіленді

02.08.2017

Малайзия полициясы құны 1 млн. доллар тұратын піл сүйегі мен панголин қабыршағын тәркіледі. Заңсыз жүк Куала-Лумпур әуежайынан табылды.

Табиғат жанашырларының мәлімдеуінше, Малайзия жойылуға шақ қалған жануарлардың өнімдерін Азияның өзге елдеріне заңсыз тасымалдау транзитіне айналған. Мәселен, өткен айда Гонконгта Малайзиядан апарылған 7200 келі піл сүйегі тәркіленді. Ал, жолғы контрабандалық тауар Лагостан келген екен.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу