Алматыда синтетикалық есірткінің ірі партиясы тәркіленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда синтетикалық есірткінің ірі партиясы тәркіленді

08.09.2022

Алматыда синтетикалық есірткінің ірі партиясы тәркіленді. 37 жастағы тұрғын қаланың бірнеше жерінде 1 келіден астам синтетикалық затты сақтаған. Тергеу барысында күдіктінің жалдамалы пәтері де тексерілді. Полиция қызметкерлері ас үйден жасыл және ақ түсті ұнтақ оралған 300-ден астам бума тапты. Сонымен қатар, ішінде түйіршіктері бар 5 пластикалық ыдыс анықталды. Күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды. Полицияның мәліметінше, ол синтетикалық есірткіні интернет арқылы алған. 

Фариза Мұсақызы

Хабарламаларға жазылу