«Астана Опера» Бельгияда өнер көрсетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана Опера» Бельгияда өнер көрсетті

05.11.2014
«Астана Опера» Бельгияда өнер көрсетті

Бұл жолы театр ұжымы Бельгияның Антверпен қаласында өнер көрсетті.

«Астана Опера»театры өнер көрсетеді,- дегенді естіп, жергілікті халық пен диаспора өкілдері қалмай келді. Қазақтың бай мұрасына сусаған қауымның назарын «Құдаша думан» күйі ұсынылды.

Әлемдік деңгейдегі Ромео мен Джульетта, Аттиладан басқа «Борис Годунов», «Евгений Онегин» сынды орыс опералары да шырқалды.

Бірақ, көпшілік бәрінен де «Біржан мен Сара» айтысына разы болды. Көздің жауын алатын қазақтың ұлттық киімдері, әншілердің орындау шеберлігі көрерменнің таңдайын қақтырмай қоймады.

 

Нұрсұлу ҚАСЫМ

Хабарламаларға жазылу