Пәкістанда 600 мың адам баспанасыз қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пәкістанда 600 мың адам баспанасыз қалды

08.09.2022

Пәкістанда су тасқынынан зардап шеккендер саны өсіп келеді. Бұл мемлекетте муссон жаңбырларының маусымы үш ай бұрын басталған.

Содан бері лай көшіп, өзендер тасып, үйлер құлағанда 1355 адам жан тәсілім еткен. Жалпы алғанда, елдің үштен бір бөлігін су басып, 600 мыңдай адам баспанасыз қалды.

Әлем ақпарат құралдарының хабарлауынша, Пәкістанда алапат тасқыннан 33 миллион адам зардап шекті. Сонымен қатар мұнда мыңдаған гектар егістік алқабы, жолдар, көпірлер жойылған.

Іздеу-құтқару операцияларына әскерилер мен еріктілер де тартылып жатыр. Ал Біріккен Ұлттар Ұйымы өткен аптада Пәкістанға шұғыл көмекке әлемдік қауымдастықтан 160 миллион доллар сұрады.

Хабарламаларға жазылу