Пәкістанда су тасқынынан қайтыс болғандар саны 1200-ден асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пәкістанда су тасқынынан қайтыс болғандар саны 1200-ден асты

04.09.2022

Пәкістанда алапат су тасқынымен күрес жалғасып жатыр. Әсіресе елдің Балоджистан провициясындағы жағдай өте қиын. Мұнда түскен жауынның мөлшері соңғы 30 жылдағы нормадан 465 пайызға асып кетті. Ал, қайтыс болғандар саны 1200-ден асып кетті. Жалпы, су тасқынынан 33 миллион адам зардап шекті. Бұған қоса үй, жол, көпірлер бұзылып, егістік алқаптарын су шайды. Жүздеген мың мал қырылған.

Бүгінде экономикаға келген шығын есептеліп жатыр. Алдын-ала мәліметтерге қарағанда, оның көлемі қазірдің өзінде 10 миллиард долларға жетіп қалды.

Арай Төлеген

Хабарламаларға жазылу