Бейруттегі жарылыстан 163 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бейруттегі жарылыстан 163 адам қаза тапты

11.08.2020

Ливанда Бейруттегі жарылыстан кейін үкімет отставкаға кетті. Бірақ, жергілікті халық жемқор элитаны биліктен түгел аластатуды және президенттік, парламенттік сайлауларды қайта өткізуді талап деп жатыр. Айта кетсек, тамыздың 4-і күні қайғылы оқиғадан қаза тапқандар саны 163-ке жетіп, жараланғандар 6 мыңнан асып, жүздеген мың адам баспанасыз қалды. Ондаған адам әлі табылмай жатыр. Қираған қаланы қалпына келтіру үшін Халықаралық ұйымдар қомақты қаражат бөлмек. Сонымен қатар, бірқатар мемлекеттер Ливанға гуманитарлық көмек пен арнайы мамандарды жіберіп жатыр. Біздің еліміздің де әскери дәрігерлері Бейруттағы жарылыстан зардап шеккендерге көмекке жетті. 

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу