Алдағы Президент сайлауының қай күні өтетінін Мемлекет басшысы бекітеді. Бұл туралы бүгін Мәжіліс қабырғасында Әділет министрі Қанат Мусин мәлімдеді. Ведомство басшысының айтуынша, Мемлекет басшысы өзінің халыққа Жолдауындағы бастамасы аясында Жарлық шығарып, сайлау өтетін күнді белгілейді. Қолданыстағы заңда мерзімінен бұрын сайлау жариялау қарастырылған, - деді министр. Бұл ретте Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов «Amanat» партиясынан алдағы саяси науқанға үміткер ұсынылатынын жеткізді. Дегенмен, төменгі палата төрағасының пайымы басқа.
Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:
Бүгін өздеріңіз де сезіп тұрған шығарсыздар, ашық айтайын, ол – Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев. Сол кісінің кандидатурасын келесі сайлауға баратын болса мен қолдаймын. Ал енді «Amanat» партиясынан бара ма Қасым-Жомарт Кемелұлы, жоқ басқа ұйымдардан бара ма, оны Президент өзі шешеді.
Дарын Сағитов