Президент жолдауда ауыл шаруашылығы саласында жүйелі жұмыс атқару мәселесіне тоқталды. Егіс алқабына әр жылы әртүрлі дақыл егу талабын сақтау маңызды. Жаңа технологияларды енгізіп, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, басты назарда болуы тиіс. Ұлытау өңірінің диқандары қуаңшылықққа қарамастан биыл астықты мол алған.
Өңірдегі ірі шаруа қожалығы биыл 35 мың гектарға дәнді дақыл салған. Жазғы аптап ыстық, пен қуаңшылыққа байланысты егін орағы ерте басталды. Көктемде алқаптарға түгелдей тұқыммен бірге тыңайтқыш себу әдісі қолданысқа енгізілмегенде егістік қурап, есіл еңбек еш кетер ме еді,-дейді диқандар.
Думан Шәктаев, бас агроном:
Біз негізі тыңайтқышты жылда қолданатынбыз. Бірақ тек парға себетінбіз. Ал биылғы жылы 100 пайыз күллі егіске септік. Қай жерге амафос, қай жерге суФамафос оны өз технологиясына байланысты. Соның арқасында биыл осындай егін алып тұрғынымыз. Жаз бойы жаңбыр болмады деп айтуға болады.
Оның үстіне биыл Нұра ауданы аумағында киіктердің көші өте қалың болып, егінді көктей таптап өткен. Топырағында құнарлы тыңайтқыш болмағанда сабағынан сұлаған егіннің қайта бой тіктеуі екіталай еді.
Биыл шаруалар тұңғыш рет картоп алқаптарын тыңайтқыш қоса отырып тамшылата суғару әдісін қолданысқа енгізді. Соның арқасында өнім еселене түскен. Гектарынан 350 центнерден картоп алғандар бар. Өнімнің сапасы да айтарлықтай жақсарған.
Георгий, Прокоп ЖШС директоры:
Мемлекет басшысы өз Жолдауында ауыл шаруашылығы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамассыз етуде негізгі күшке айналу қажет екенін атап өтті. Біздер жаңашылдықтан қалыс қалмай, агро саладағы тың технологияларды қолданысқа енгізуге тырысамыз. Соның арқасында өнім көлемін арттырып, жоғары сапаға қол жеткізіп отырмыз.
Облыс бойынша биыл 931 мың гектар дәнді-дақыл, 12 мың гектардай картоп, 1 жарым мың гектардай жерге көкөніс егілді. Қазір алқаптарда жиын-терім жұмыстарының 50 пайызы атқарылған. Ауа райы да қолайлы болып тұр. Шаруалар қажетті дизель отынын уақытылы әрі қолжетімді бағада алып отырғанын айтады.
Руслан Нұрланұлы