Жылу желілерін жөндеу жұмыстары Абай, Түркістан, Жетісу облыстарында баяу жүргізіліп жатыр. Бул туралы бүгін Үкіметте айтылды. Мұнда күзгі жылыту маусымына дайындық мәселесі қаралған. Энергетика министрінің айтуынша еліміздің қысқа дайындығы жоғары. 25 қазандықта, 23 турбинада жөндеу аяқталды. Әрі жылу желілерінің 94 пайызы ретке келтірілді. Тек жоғарыда аталған үш өңірдегі жұмыстарды тездету қажет. Сондай-ақ көмір мен мазут қоры жиналып жатыр. Әзірге 14 мың тонна мазут пен 1 млн тонна көмір дайындалды. Қазір қымбатшылыққа жол бермеу үшін тиісті жұмыстар атқарылып жатыр.
Қайырбек Өскенбаев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі:
Мынау разъездерге рақмет. Бағаларды тұрақты ұстап отыр. Мысалы биыл былтырғы бағамен салыстырғанда Шұбаркөл разъезі бағасын төмендетті. Былтыр 6264 теңге болса, 6160 теңгеден сатып отыр. Қалғандары тұрақты былтырғы бағамен ұстап отыр.
Досжан Маратұлы