Шығыс Қазақстанда жылыту маусымына дайындық пысықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстанда жылыту маусымына дайындық пысықталды

18.09.2023

Риддер және Өскемен қалаларындағы жылу ортылықтарында жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Риддердегі үш қазандықта жұмыс аяқталып, су толтырылды. Стратегиялық нысанды жөндеуге республикалық бюджеттен 7,3 млрд теңге бөлінген. Ал желілерді қайта жаңартуға қосымша 1 миллиардтан астам теңге қаралды. Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр өңірдегі қысқы маусымға дайындық барысымен танысты. Риддер, Екібастұз, Рудный сияқты шағын шаһарлар Үкіметтің ерекше бақылауында. Сондықтан өткен қыстағы жағдай қайталанбауын тапсырды. Қазір Риддер жылыту орталығын мемлекет меншігіне беру жұмыстары жүргізіліп жатыр.  


Олжас Керейхан

Хабарламаларға жазылу