Коронавирус тағы 5 елде тіркелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирус тағы 5 елде тіркелді

03.03.2020
Коронавирус тағы 5 елде тіркелді

Әлем бойынша COVID-19-дан қайтыс болғандар саны 3116-ға жетті. Қытайда - 2943, Иранда - 66, Италияда - 52, Оңтүстік Кореяда 28 адам жұқпалы індеттен көз жұмған.

Ал 90800-ден астам адам дертке шалдыққан. 48 мың науқас емделіп, ауруханадан шығарылған. 

Коронавирус Қытайдан басқа 74 елде тіркелген. Соның ішінде Марокко, Сауд Арабиясы, Латвия, Сенегал және Тунисте жұқтырудың алғашқы дерегі анықталып отыр.

Оңтүстік Кореяда 600 адам коронавирус жұқтырған. Осылайша елде ауруға шалдыққандардың саны 4812 адамға жетті. 

Ал Иран індеттен қайтыс болғандар бойынша екінші орында тұр. Онда дертке шалдыққандар саны 1500-ден асты. Оның 291-і емделіп шыққан.

Италияда 1835 адамның коронавирус жұқтырғаны мәлім болды. 149 адам ауруханадан шығарылған.

Ria.ru


Хабарламаларға жазылу