Алматы облысында 36 мыңнан аса бала алғаш рет мектепке барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында 36 мыңнан аса бала алғаш рет мектепке барады

01.09.2022

Бұл күн балғындардың есінде ерекше сақталады. Бүлдіршіндер үшін бұл сәулелі сәт қана емес, жарқын болашағына жасайтын маңызды қадам.

Қуан Нұрақын, тілші:

Біз тұрған Қонаев қаласындағы мектеп-гимназияда таңнан мерекелік көңіл-күй. Ата-аналар арқа-жарқа, көп көріспеген сыныптастар бір-бірімен шүйіркелесіп жатыр. Бірі ән айтты, екіншісі би биледі. Әсіресе, бірінші сыныпқа келген балақайлар ерекше сезімде.

Биыл 424 мектепте 330 мың бала оқиды. Олардың 36 мыңы мектеп табалдырығын бүгін алғаш рет аттап отыр. 31 мыңнан аса мұғалім жұмыс істейді. Жаңа оқу жылында бірінші сыныптан бастап «Еңбекке баулу» пәні қайта енгізіліп жатыр.

Хабарламаларға жазылу