Елімізде бір тәулікте 3 мыңнан аса адам коронавирус жұқтырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде бір тәулікте 3 мыңнан аса адам коронавирус жұқтырған

28.07.2022

Елде коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті. Өткен тәулікте үш мыңнан аса адамнан COVID-19 анықталған. Эпидахуалды бағалау матрицасының «сары» аймағындағы елорда «қызыл» белдеуге жақындап келеді.

Асылбек Данияр, тілші:

Шынымен де елде күннен-күнге індет өршіп барады. Тәулік сайын науқастардың саны 500-ге дейін өсіп жатыр.

Бүгін анықталған үш мыңнан аса адамның 900-ден астамы Нұр-Сұлтанда қаласының тұрғындары. Одан бөлек, кеселге шалдыққандар Алматы қаласы мен Қарағанды облысында көбейіп барады.

Қазір респбулика бойынша 23 мыңға таяу адам коронавирустан емделіп жатыр. Мың жарым науқас ауруханада жатыр. Оның ішінде 25 емделушінің жағдайы ауыр. 14 -інің хәлі тіптен мүшкіл дейді дәрігерлер. 7 науқас өкпені жасанды желдету құрылғысына қосылған. Олардың арасында небәрі 4 айлық сәби бар. Жалпы науқастардың 36 пайыздан астамы кәмелетке толмағандар.

Асылбек Данияр, тілші:

Алла, әзірге «Кентавр» штаммын жұқтыру дерегі тіркелмеді. Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері айналымда «Омикрон», «Стелсс Омикрон» және «Дельта» штаммдары барын айтады. Дегенмен, науқастардан алыған ПТР сынамалары әлі де терең зерттеліп, талданып жатыр. Дәрігерлер, тұрғындардан маска тағып, санитарлық талаптарды қатаң сақтауды сұрайды.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу