БҰҰ әлемдік қауымдастықтан Пәкістанға 160 млн доллар жинауды сұрады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҰҰ әлемдік қауымдастықтан Пәкістанға 160 млн доллар жинауды сұрады

31.08.2022

Соңғы мәліметке қарағанда, бұл мемлекетте алапат тасқын құрбандарының саны 1100-нан асып, тағы 33 миллион адам зардап шеккен. Соның ішінде 5 миллиондай тұрғынды азық-түлікпен, дәрі-дәрмекпен, ауыз сумен қамтамасыз етуге шұғыл жәрдем қажет, дейді жергілікті үкімет. Төпелеп жауған жаңбырдан өзендер арнасынан асып, үйлерді, кәсіпорындарды, жолдарды, көпірлерді, егістік алқаптарын су шайып кеткен. Пәкістан ақпарат құралдары хабарлағандай, тасқыннан елде миллионға жуық үй бүлініп, 700 мыңнан астам мал қырылген. Қазір апат жайлаған аудандарда іздеу-құтқару операциялары жүргізіліп жатыр.

Хабарламаларға жазылу