«QazaqGaz» газ саласы мамандарына стипендия тағайындады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«QazaqGaz» газ саласы мамандарына стипендия тағайындады

26.08.2022

«QazaqGaz» ұлттық компаниясының қолдауымен Satbayev University және Қазақ-Британ техникалық университеті газ саласының мамандарын дайындайды. Бүгін ұлттық компанияның басқарма төрағасы Санжар Жаркешов пен жоғары оқу орындарының басшылары өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Ұлттық компания газ саласына жас мамандарды даярлауға мүдделі. Бұдан кейін мұнай мен газ факультеттерінде оқитын студенттер Ұлттық компания стипендиясының үміткері бола алады. Сондай-ақ, «QazaqGaz» компаниялар тобы тәлімгерлердің өндірістік тәжірибеден өтуіне және жұмысқа қабылдануына мүмкіндік беріп отыр.

Санжар Жаркешов, «QazaQgaz» ҰК" АҚ басқарма төрағасы:

«QazaqGaz» ұлттық компаниясының атынан стипендия тағайындап жатырмыз. Осы екі жоғары оқу орнында. Осы техникалық мамандықтарда оқып жатқан студенттерге мотивация беру. Газ саласында карьера жасауға. Газ ол – Қазақстанның болашағы. Экономиканың жаңа драйвері болып саналады.

Ұлттық компания болашақта ғылыми-техникалық орталық құруды жоспарлап отыр.Меморандум аясында тараптар газ саласын дамыту мүмкіндіктерін талқылады. Екі жақты келісімнің арқасында жоғары оқу орындарымен бірлескен жобалар жүзеге асырылады.

Мейрам Бегентаев, Сәтпаев университетінің ректоры:

«QazaqGaz» компаниясы білікті мамандарға мүдделі. Бізде бар мүмкіндікті пайдаланып сапалы, заманауи технологияларды меңгерген қызметкерлер дайындауға кірісеміз.Қазір заман басқа, көп дүние өзгеріп жатыр. Сондықтан ендігі іріктелетін кадрларға талап жоғары болмақ.

«QazaqGaz» ғылым мен инновациялық өндірісті біріктіруді көздейді. Ұлттық компания профессорлар, оқытушылар мен мамандардың соңғы технологияға негізделген еңбектерін өндірісте қолдануды жоспарлап отыр.

Қуан Нұрақын


Хабарламаларға жазылу