Пәкістанда тасқыннан 2,3 млн адам зардап шекті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пәкістанда тасқыннан 2,3 млн адам зардап шекті

25.08.2022

Пәкістанның оңтүстігіндегі Синдх провинциясында алапат тасқын жалғасып жатыр. Су апатынан әсіресе аймақтың екінші ірі қаласы Хайдерабад қатты зардап шекті. Осыған байланысты көне шаһарда кәсіпорындар мен базарлар уақытша жабылған.

Пәкістан үкіметі тасқынмен күреске халықаралық қауымдастықтан көмек сұрап отыр. Ал өткен айда бүкіл елде жауған жаңбырдың мөлшері жылдағы орташа нормадан 200 пайызға асып кетіп, 800-дей адам қаза тапты.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Гуманитарлық істерді үйлестіру кеңсесінің дерегінше, маусымның ортасында басталған муссон жаңбыры мен тасқыннан Пәкістанда 2,3 миллион адам зардап шегіп, 95300-ден астам үй құлаған. Және де елдің Синдх пен Балоджистан провинцияларында жарты миллиондай мал қырылып, 3 мың шақырым жол мен 130-дай көпір зақымданды.


Хабарламаларға жазылу