Шығыста жол жөндеу жұмыстары кестеден кешігіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыста жол жөндеу жұмыстары кестеден кешігіп жатыр

24.08.2022

Шығыста жол жөндеу жұмыстары кестеден кешігіп жатыр. Себебі - битум жоқ. Соңғы 10 күнде кей мердігер компаниялардың жұмысы тоқтап, техникалары қаңтарылып тұр. Битумды тапқан күнде де, бағасы удай. Өңірдегі осы салаға жауапты басшыларда мәселені реттеуге келгенде дәрмен жоқ.

Шығыста биыл жол жөндеу ерте көктемде басталды. Мамыр-маусымда жұмыс қарқынды жүрген. Тек шілденің соңынан бастап бәсеңсіп қалды.Тамыз басталысымен кейбір учаскелерде жұмыс тоқтап, техника тұрып қалды.

Рауан Мауқаев, Мердігер компанияның бас инженері:

Қазір енді битум болмай тұр. Битум болғанда техника бәрі дайын тұр. Кіслердің бәрін демалысқа қоя бердік. Битум болмағаннан кейін.

Облыстық деңгейдегі Өскемен-Самар тас жолының биыл 15 шақырымы орта жөндеуден өтіп жатыр. Тамыздың бірінен бастап жұмысқа екі мердігер кіріскен. Қажетті битумның жартысын ғана алған. Бүгінге дейін 4-5 шақырымға асфальт төселді.

Жол құрылысының кәсіби маманы- Қаби Махамбетовтың айтуынша битум тапшылығы тек биыл ғана емес. Жылда қайталанады. Осының кесірінен мердігерлер де кестеден жылда кешігеді.

Қаби Махамбетов, Учаске бастығы:

Мен міне жолда 15 жыл істеймін. 15 жыл осылай енді. Жылда осылай.Кейінгі кезде тіпті қиын болып кетті. Бғасын көтеріп жәбереді. Біресе битум жоқ. Техника екі күн болды тоқтап тұр.

Битумның бағасы да қазір бас бермей тұр.Бастапқы жобада бір тоннасы 110 –нан 170 мың теңге аралығында болса қазір 250 мыңға жеткен.

Рауан Мауқаев, мердігер компанияның бас инженері:

Басқа матреиалдан бөлек битумның өзінің бағасы өсіп отырады. 160 тан бес пайыз емес, 20-30 пайызға дейін өсіп отыр ғой. Сметада ол қанша болса да сен міндеттісің қанша шығын болса да сол сомаға жасуға міндеттісің. Оны өткізуің керек. Ол сенің өз шығының .

Шығынға батса да, мердігер компаниялар тек материалда тапшылық болмаса, дейді. Өйткені жол құрылысын кестеден кешіктірмеуге міндеттеме алған. Ал облыстағы жолға жауапты басқарма өкілдері битумға қатысты мәселені жақсы біледі. Бәрақ барлық құзірет үкіметте деп отыр.

Нұрбек Тұраров, Облыстық автокөлік жолдары басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

Қазіргі уақытта мысалы қыркүйек айына 6,5 мың тонна битум керек. Мына тамыз айының жоспарлы битумын әлі ала алмай отырған мердігерлер де бар. Үкімет араласып, бір шешім қабылданса? Сосын кейін зауыттың тікелей басшылығымен шара қабылданып, битум квотамен беріле ме екен? Біз ақпаратты ай сайын беріп отырамыз.

Биыл шығыста аудандық және облыстық маңыздағы жолдардың 275 шақырымы түрлі дәрежеде жөнделуі тіис. Оған шамамен 20 мың тонна битум қажет. Алайда кейбір мердігерле қажетті материалды жаз шыққалы ала-алмай жүр. Ал бірер күннен соң сары күз түседі.

Олжас Керейхан


Хабарламаларға жазылу