Президент Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

22.08.2022

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді. Онда қаруды өндіру мен сатып алу, сондай-ақ осы саладағы экспорттық бақылау мәселелері қарастырылды. Мемлекет басшысы қауіпсіздік кеңесінің Төрағасы, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтың және Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың баяндамаларын тыңдады. Отырыс соңында Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берді.

Сәбит Әлдебай

Хабарламаларға жазылу