Елімізде соңғы тәулікте 951 адам коронавирус жұқтырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде соңғы тәулікте 951 адам коронавирус жұқтырды

19.08.2022

Ең көбі Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында тіркелген. COVID-19 дертінен өткен тәулікте 1200-ден аса адам жазылып шыққан. Жалпы, пандемия басталғалы барлығы 1 млн 400 мыңға жуық жағдай тіркеліп, 1 млн 300 мыңнан аса қазақстандық сауығып кеткен.

Айта кетсек, Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның бірінші компонентін 9 жарым млн адам, ал екінші компонентін 9 млн 300 мыңнан аса адам салдырды.

Хабарламаларға жазылу