Соңғы тәулікте 1445 адам коронавирус жұқтырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Соңғы тәулікте 1445 адам коронавирус жұқтырды

25.06.2021

Енді эпидахуал бойынша жалпы статистикаға тоқталсақ. Нұр-Сұлтан қаласы әлі де «қызыл аймақта» тұр. Ал «сары» аймақта Шымкент және Алматы қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Маңғыстау облыстары орналасқан. Қалған өңірлерде жағдай тұрақты.

Соңғы тәулікте 1445 адам коронавирус жұқтырды, қайтыс болғандар жоқ. Вирустық белгілері бар пневмонияға 78 адам шалдығып, 5 науқас көз жұмды. Бүгінде 22 300-ден астам адам емделіп жатыр, олардың 409-ның жағдайы ауыр. Екпе алғандар саны 2 млн 997 мың адамнан асты.


Хабарламаларға жазылу