Армения астанасы Еревандағы сауда үйінде болған жарылыстан қаза тапқандар саны көбейді. «Рейтер» агенттігінің мәлімдеуінше, марқұмдардың саны 15-ке жеткен. Тағы 18 адам із-түссіз жоғалғандар тізімінде. Еске салайын, Армения астанасындағы «Сурмалу» сауда орталығында жексенбіде қуатты жарылыс болып, іле-шала өрт тұтанды. Қала мэриясының мәліметінше, пиротехника материалдары сақталған қойма жарылған. Оқиға кезінде 61 адам жараланды.
Арай Төлегенқызы