Сауд Арабиясында коронавирустан қайтыс болғандардың саны - 283-ке жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сауд Арабиясында коронавирустан қайтыс болғандардың саны - 283-ке жетті

04.06.2014
Сауд Арабиясында коронавирустан қайтыс болғандардың саны - 283-ке жетті
Сауд Арабиясында жаңа коронавирустан қаза тапқандардың саны - 283-ке жетті. Ал, ауруды жұқтырғандардың тізіміне 688 адамның есімі енгізілді.
 
Дегенмен, олардың 353-і жазылған. Тағы 53 тұрғын ем алып жатыр. Бұл туралы жергілікті билік өкілдері мәлімдеді. Жағдайдың ушығуына байланысты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары саударабиялық медицина қызметкерлерін айыптап отыр.
 
Олардың пікірінше, бұл елдің мамандары дерттің тарауына жол бермеу үшін дер кезінде қажетті шараларды қолға алмаған.
 
Мадина МҰҚАНОВА

Хабарламаларға жазылу