Басты Жаңалықтар Президент Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасын қабылдады

Президент Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасын қабылдады

Бюджеттен жымқырылған 57 миллиард теңгенің 53 миллиарды қайтарылған. Президент қабылдауында болған Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элиманов осыны мәлімдеді. Ол агенттіктің жеті айдағы қызметі жөнінде баяндап, көлеңкелі экономиканың деңгейі соңғы 3 жылда 23-тен 19 пайызға дейін төмендегенін айтты. Сонымен қатар коммуналдық қызмет саласында тарифтерді негізсіз көтерген 20 монополистке қатысты 34 қылмыстық іс қозғалғаны туралы мәлім болды.

Бөлісу