Биыл қазақ өнерінің тарихында өзіндік орны бар «Гүлдер» ансамбліне – 45 жыл. Есеп беру мақсатында ел аралап жүрген өнер ұжымы Ақмола облысына да барды.
Ансамбль мүшелері облыстың 17 ауданын аралап, жұртшылыққа өз өнерлерін көрсетеді.
«Гүлдер» ансамблі 1969 жылы құрылып, оның сапынан Қапаш Құлышева, Роза Рымбаева, Нағима Есқалиева сынды талай майталман түлеп ұшқан болатын.
Бүгінде олардың орнын Айбек Мұхаметалиев, Жанна Асанқұлова, «Ви-Әлем» тобы секілді жастар басып отыр.
Ерболат ТӨЛЕГЕНҰЛЫ