Депутаттар аймақтарды аралап жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Депутаттар аймақтарды аралап жүр

02.04.2018

Алматыда Мәжіліс депутаттары Серік Сейдуманов пен Құдайберген Ержан қалалық кәсіпкерлермен кездесіп, Елбасының бес әлеуметтік бастамасының маңыздылығын түсіндірді.  

Басқосуда олар қаладағы шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына тоқталды. Сондай-ақ, Елбасының бастамасында айтылғандай, кәсіпкерлерді жеңілдітілген несиемен қаржыландыру мәселесін қарастырды. Ал, бизнесмендер кәсіптің өркендеуіне кедергі келтіретін жағдайларды жеткізді. 

Құдайберген Ержан, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

 - Жалпы, бастаманың аясында бүкіл Қазақстан бойынша, әріптестеріміз кездесулер өткізіп жатыр, бұл бастамалардың толыққанды сапалы болуына өз үлесімізді қосамыз.

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу