Рубик текшесін жинаудан Азия чемпионаты басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Рубик текшесін жинаудан Азия чемпионаты басталды

11.08.2022

Елордада Рубиктің текшесін жинаудан Азия чемпионаты басталды. Оған 13 елден 116 шебер жасөспірім қатысуға келген. Әрқайсысы өздерінің туған елдерінде текшені құрастырудан рекорд жаңартқан. Енді осы екі-үш күнде интеллектуалды жарыстың мықтылары жылдамдылық пен төзімділіктен бақ сынайды. Қазақстанда бұл турнир 2017 жылдан бері өткізіліп келеді. Пандемиядан кейін сайысқа деген қызығушылық артты. Жалпы текшелерін оңды-солға бұрып, бір түске жинауға бірнеше секунд қана кетеді дейді қатысушылар. Жұмулы көзбен де кубик жинаудан жарыс өтеді.


Хабарламаларға жазылу