Рубик текшесін жинаудан Азия чемпионатының жеңімпаздары марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Рубик текшесін жинаудан Азия чемпионатының жеңімпаздары марапатталды

15.08.2022

Елордада өткен Рубик текшесін жинаудан Азия чемпионатының жеңімпаздары марапатталды.

Үш күндік сайыста 13 елден 116 жасөспірім өнерлерін көрсетті. Олардың әрқайсы өз елдерінде текшені құрастырудан рекорд жасаған нағыз жүйріктер. Биылғы сайыста қатысушылар текше жинаудың кемінде 19 түрінен бақтарын сынап, рекордтарын жаңартқан. Жеңіс тұғырынан көрінген жастар лайықты марапатталды. Қазақстанда бұл сайыс 2017 жылдан бері өткізіліп келеді. Пандемиядан кейін жарыстың көрігі қайта қызды.


Хабарламаларға жазылу