Күрес түрлерінен Азия чемпионаты басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Күрес түрлерінен Азия чемпионаты басталды

23.04.2014
Күрес түрлерінен Азия чемпионаты басталды
Астанада күрес түрлерінен Азия чемпионаты басталды. Құрлықтық сайысқа Азия, Әлем чемпионаттары, Олимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысуда.
 
Бүгін еркін күрес шеберлері боз кілемге шығып, төрт салмақта іріктеу жарысын бастады.
 
Қазір белгілі болғандай 57 келіде Расул Қалиев Үндістан палуаны Амит Кумарды жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. Ал, 65 келіде боз кілемге шыққан Дәурен Жұмағазиев ирандық палуаннан ұтылып қалды.
 
Сондай-ақ, 125 келіде өзбек палуаны Құрбан Құрбановпен белдескен отандасымыз Дәулет Шабанбайдың да асығы алшысынан түсті. 
 
Индира БЕКТЕНОВА
 

Хабарламаларға жазылу